Ақтөбеде баспанасыз адамға ресімделген ЖШС жалған шот-фактуралар жазып отырған
ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеді.
Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тіис шығыны 164 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В. қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті.
Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыКредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге боладыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайды