Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

QAZAQ MARATHON ABAY: Қазақстан өңірлеріндегі жүгіру жарыстары енді Семейде

3-07-2024, 12:17 018.kz

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында спортсүйер қауымға арналған жарыс өтеді. Семейдегі жүгіру жарысы QAZAQMARATHON ұйымдастырған жарыс сериясының екіншісі болмақ. Шараға кәсіби спортшылар да, жүгіруге жаңадан келгендер де қатыса алады.

Семейдегі жарыс сөресі қала орталығындағы Абай алаңында болады. Қатысушылар Семей қаласының көрікті жерлерімен өтеді. Жарыстан кейін үлкен шоу-бағдарлама болады.

Жүгіру қашықтықтары:

· 21 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);

· 10 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);

· 5 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);

· 10 км скандинавиялық жүріс;

· 2 км (балалар қашықтығы/ 8-14 жас аралығы).

10 км қашықтықты жүгіріп те, арнайы таяқшамен скандинавиялық жүріспен де өтуге болады.

Қатысу үшін qazaqmarathon.kz сайтында тіркеліп, сөре жарнасын төлеу керек. Сөрелік нөмір жарысқа тіркелген барлық спортшыға беріледі, онсыз қатысуға тыйым салынады.

Барлық жүгіру қашықтықтарындағы жалпы жүлде қоры – 5,4 миллион теңге. Ең жылдам желаяқтар грамота ғана емес, сонымен қатар ақшалай сертификат алады.

Семейдегі жүгіру жарысы Qazaq Marathon 2024 сериясындағы екінші шара болмақ. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің түрлі өңірінде 5 жүгіру іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

«Qazaq Marathon жобасы өңірлік орталықтарды бір «ту» астында біріктіретін бірінші жоба болмақ. Біздің жоспарымыз - спортқа көбірек адамдарды тарту. Егер бұрын өңірлердегі  жүгірушілер сапалы және ірі старттарға қатысу үшін Алматыға, Астанаға және Шымкентке келетін болса, қазір біз өңірлерге өзіміз барып, тұрғындарға үлкен спорт мерекесін сыйлаймыз», - дейді Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов.

Іс-шара өткізілгеннен кейін ұйымдастырушылар старт өткен әр қалада жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.

«Біздің жарыстарымыз мәре лентасынан кейін аяқталмайтынын айтқым келеді. Жарыс өтетін әр қалада біз жүгіру клубының кәсіби жаттықтырушысын қалдырамыз. Ол жерде балалар тегін жаттығу жасай алатын болады. Уақыт өте келе ересектер де жүгіруді үйрене алады. Қазір жүгіруді енді ғана бастап жүрген адамдардың арасында нағыз «гауһар тастың» бар екеніне, және болашақта ол адам елдің нағыз байлығына, мақтанышына айналатынына сенеміз», - дейді Qazaq Marathon жобасының ұйымдастырушысы және авторы Жанибек Саурбек.

Сондай-ақ қатысушылар сөре жарнасы үшін төлейтін қаражаттың бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың қатысуына жұмсалады. Әр қатысушы спорттық жейде мен тақия және сөре жинағында болатын түрлі кәдесыйға ие болады. Ал мәреге келген әрбір спортшы медаль тағынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив