Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Аягөз ауданында «Аягөз» өзенінің арнасына тазалық жұмыстары жүргізілді

3-07-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданында «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясының аясында «Аягөз» өзенінің арнасында аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл акцияға ауданның «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгерлері қатысты. 

Бүгінгі іс-шара өскелең ұрпақтың табиғатына ұқыпты қарауға, өлкемізді абаттандыруға бағытталған. Таза су - бұл біздің жалпы байлығымыз, оны сақтау керек. Өзендер мен көлдерді таза ұстай отырып, біз адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаймыз. Біздің әрқайсымыз қаланы қоқыссыз және осындай акцияларға қатысу арқылы таза ете аламыз. Аталған іс-шараға 40 – тан астам «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгерлері белсенділіктерін танытып, туған өлкенің тазалығын сақтап, көркеюіне  өз үлестерін қосты.

Аягөз қаласының белсенді жасы Рахманкулова Құралай «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдірді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар ауданымызда апта сайын ұйымдастырылуда. Осындай іс-шаралардың арқасында біз жастар экологиялық мәдениетті сіңірудеміз. Іс- шараның мақсаты:  өскелең ұрпақты еңбекке баулу және өз Отанына деген сүйіспеншілікке үйрету. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын» – деп  жастарға баса назар аударған болатын. Сол себепті бүгінгі акцияға жастардың белсене қатысуы көз қуантарлық нәтиже деп ойлаймын», - деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив