Абай облысында полицейлер қала сыртындағы трассаларда дронды пайдаланады
Абай облысында полицейлер қала сыртындағы трассаларда жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін дронды пайдаланады.
Патрульдік полиция қызмекерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін бұзушылықтарды анықтау үшін ұшу аппаратын қолдана бастады.
Дронды қолдану қарсы қозғалыс жолағына шығуға және жол белгілерінің қиылысына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін, сондай-ақ патрульдік полиция нарядтарын жол жағдайы туралы хабардар ету үшін барынша орынды.
Мұндай “әуе” патрульдеу жол апаттарының алдын алуға және олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағында жүруді қалайтын, белгілеу талаптарын, жол белгілерін, маневр жасау және басып озу ережелерін бұзатын, сол арқылы жолдарда авариялық жағдайлар туғызатын жол ережесін бұзушыларды анықтауға көмектеседі.
Жүргізілген талдау ЖКО-ның негізгі себебі көлік тәртібі мен жүргізу мәдениетінің төмен деңгейі болып табылатынын көрсетті. Жүргізушілердің кінәсінен барлық ЖКО-ның 94%-ы, оның ішінде мас күйінде шамамен 2%,-ы жасалады, оның ішінде қаза тапқандардың 23%-ы жаяу жүргіншілер. Жыл басынан бері 416 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам қаза тауып, 532 адам жараланды.
Әуеден бақылау – бұл жүргізушілерге жолдағы тәртіп ережелерін тағы бір рет еске салу үшін арнайы профилактикалық шаралар.
Сіздің өміріңіз бен қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда! Өз балаларыңызға жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты үйретіңіз және өз кеңестеріңізге қайшы келмеңіз. Қала маңындағы жолдарда қауіпті қиылыстардан аулақ болыңыз! Сақ және қырағы болыңыз – бұл қиындықтан аулақ болуға мүмкіндік береді.