Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тетіктері қаралды

3-03-2023, 17:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар, бизнес және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін қарады.

Бұған дейін Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырыстарында агроөнеркәсіп кешеніндегі, көлік және энергетика салаларындағы, сондай-ақ тау-кен металлургия кешеніндегі бизнестің мәселелері қаралып, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілген боалтын. Үкімет мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, аталған мәселелерді қарастырып, шешуді қолға алды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар бизнесті «таза парақтан» реттеу, тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру және «Атамекен» ҰКП трансформациясы бойынша жұмыстарды талқылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заң шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, кәсіпкерлік қызметті реттеудің 44 саласына талдау жасады, атап айтқанда, 2 823 НҚА талданып, 128 119 талап анықталды.

ҚР Үкіметінің биылғы 31 қаңтардағы отырысы аясында Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, «таза парақтан» реттеу шеңберінде реттеушілік актілерге жүргізілген талдау қорытындылары бойынша дайындалған заңнамалық актілерге түзетулер әзірлеуді және Үкімет Аппаратына түзетулердің келісілген пакетін енгізуді тапсырды.

Жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында 61 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін түзетулер әзірленді, жалпы 579, оның ішінде «Атамекен» ҰКП трансформациясы бойынша түзетулер көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив