Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Вице-министр Қазақстандағы БҰҰ-ның елдік кеңселерінің басшыларымен кездесті

3-03-2023, 18:16 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстандағы БҰҰ-ның елдік кеңселерінің басшыларымен кездесті.

Кездесуге Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының басшысы Мария Доценко, БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (UNFPA) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев қатысты.

Жиын барысында министрліктің осы құрылымдармен 2023 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қаралды.

Өз сөзінде вице-министр Евгений Кочетов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында басшылық лауазымдарға тағайындау кезінде әйелдерге арналған 30% квотаны енгізу жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуы бойынша айтты.

Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жанжалдардың алдын алу мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы жөніндегі 1325 қарарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімдеді.

Жүздесуде тараптар бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара ниет білдірісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив