Өңірде «бір ауыл - бір өнім» жобасы қалай іске асырылуда
Былтырғы жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарына 378 әйел 591 қызметке жүгінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облыстық кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Нұрасыл Мұратов мәлімдеді.
«Бір ауыл - бір өнім» жобасының негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.
Аталмыш жоба ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік береді. Оның ішіне ұлттық бұйымдар, тамақ пен биотехникалық өнімдер кіреді.
«Бір ауыл – бір өнім» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес әзірленген «Мен кәсіпкер» құралы аясында іске асырылуда. «Мен кәсіпкер» құралы бірнеше саланы қамтиды. Жобаны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2025 жылдың желтоқсанына дейін іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар спикер жобаға қатысу үшін жас шектеулігі жоқ екенін, кез келген адам қатыса алатынын атап өтті.