Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасының тұсаукесері өтті

12-07-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда. Аталмыш іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған.

«Birgemiz: areket yaqyty» шеңберінде Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген.

Конференция жұмысына ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, Ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар, және белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіріп, елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив