Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейдің ең аянышты аялдамасы

15-07-2024, 10:54 Сәтжан Қасымжанұлы

«Театр мәдениеті киімілгіштен басталады» дегендей, қала келбетін алдымен тұрғындар күнделікті жиналатын аялдамалар айшықтайтыны аян. Өткен жылдан бері Семей қаласында аялдамаларды ауыстыру, жаңарту жұмыстары  қолға алынып, қалыпты жұмыстар жүргізіле бастағандай еді. 

Биыл сәуір айында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында бұл мәселе тағы да қаралған болатын. Жиында баяндама жасаған Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Увасилов.

2024 жылы 100 аялдама кешенін орнату жоспарланып отырғанын, (оның 70-і ашық, 30-ы желден қорғалған жабық павильон) мәлімдегені есімізде. Сонымен қатар тиісті шарт шеңберінде ескі павильондарды жөндеу және қажет болған жағдайда оларды қайта орнату, сондай-ақ аялдамаларды бояу мен жууды міндетті түрде жүргізу жайы да айтылған.

Ал, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов аялдамаларды мамыр айынан бастап кешіктірмей орнатуды тапсырғанын білеміз. Сол негізде қаланың бірқатар аудандарында сарғыш түсті торкөз аялдамалар орнатылып та жатыр.  

Бірақ, ең олқы соғатыны қаланың түрлі бағыттағы автобустары аялдап өтетін «Орталық алаң» аялдамасы «сол баяғы жартас, бір жартас» қалпында аянышты халде әлі тұр. Егері қала билігі істің жөнін білсе, игі бастаманы алдымен осы «Орталық алаңнан» бастағаны жөн еді. Өйткені, бұл төңіректе облыстық Абай кітапханасы, Абай атындағы театр, сонымен қатар облыстық әкімдік орналасқан. Қалалық әкімдіктің артында тұрғаны тағы бар. Ал, аялдаманың өзіне көз салған адамның көңілі құлазиды. Тоқтайтын автобус бағыттарының номері көрсетілген қаңылтыр тақта көнерген қалпы «көз арбайды». Жанында кейіннен орнатылған нұсқасы тұр. Қаланың түпкілікті тұрғыны болмаса, кездейсоқ сырттан келген адам қайсына сенерін білмей шатасатыны даусыз. Қаланың басты көшесінің (Қ. Мұхамедханов көшесі) бойындағы осынау аянышты аялдамадан құтылар күн қашан туарын білмек ниетпен Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Увасиловқа қанша қоңырау шалсақ та тілдесу мүмкін болмады. 

Қосымша айта кетейік, Семей қаласында барлығы 593 аялдама бар, оның ішінде 470 бірлік әртүрлі типтегі аялдама павильондарымен жабдықталған. Алайда, оның қазіргі күнге дейін қаншасы жаңартылғаны белгісіз.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив