Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әлібек Қуантыров Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті

4-03-2023, 10:51 Думан Кенжеғазыұлы

ШҚО-ға жұмыс сапары

Азаматтар әлеуметтік нысандар, спорт кешені, жалға берілетін тұрғын үй және мемлекеттік тілде оқытатын мектеп құрылысына қатысты мәселелерді көтерді.

Ұлттық экономика министрі ҚР ҰЭМ бұл мәселелердің барлығын жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі министрліктермен бірлесіп қарауға дайын екенін атап өтті. Мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.

«Риддер – дамып келе жатқан моноқалалардың бірі. Ол өзінің географиялық орналасуымен ерекше. Потенциалы үлкен. Адами капиталдың сапасы жоғары. Еліміздің өңірлік дамуына жауапты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ моноқалалардағы халықтың өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударылуда», - деді министр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, Риддер қаласында спорт нысанын салу үшін бекітілген құжаттама бар. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолдау қажет. Бюджеттік өтінім жіберіледі.

«Мектепке келсек, «Шаңыраққа» 60 млн теңге бөлдік. Бұл 590 орындық мектеп. Әлі де 160 орын бар. Биыл 600 орындық жаңа мектеп аштық, оның 300-і қазақ тілінде. Жаңа мектептің құрылысын бастап жатырмыз, ол қазақ тілді болады. Қазірдің өзінде қажеттілікті жауып отырмыз. Одан әрі де даму динамикасын сақтаймыз», - деді Д.Ахметов.

Сонымен қатар, Риддерде ҰЭМ басшысы ауысымына 500 келушіге арналған 140 төсектік көпсалалы аурухана кешенінің құрылысымен танысты. Ескі аурухана ғимараты 1939 жылы салынғандықтан, қазіргі заман талабына сай емес. Жалпы сметалық құны 26,6 млрд теңге. Жобаны аяқтау үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажет. Бұл мәселе тиісті ведомстволармен пысықталатын болады.

Алдағы уақытта жергілікті тұрғындар облыс орталығына бармай-ақ, компьютерлік, магниттік-резонанстық томография және ультрадыбыстық зерттеуден өте алады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив