Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Ақтауда «Бірлестік – 2024» халықаралық оқу-жаттығуына қатысушы елдердің қорғаныс министрлері әскери нысандарды аралады

17-07-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Маңғыстау өңірінде Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерін сеніп тапсырылған әскери бөлімшелердің оқу-жауынгерлік мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығуды өткізу шарттарымен таныстырды. 

Қорғаныс ведомстволарының басшылары алдымен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемесінде болды.  Онда делегация басшыларына кеменің жауынгерлік мүмкіндіктері мен орындайтын тапсырмалары туралы айтылды. Содан соң шетелдік қонақтар сүңгуір орталығына келді. Оқу-жаттығу кешенінде олар жауынгер жүзушілерді кәсіби дайындау барысында қолданылатын қару-жарақ пен техникалық құралдарды қарап шықты.

25744 әскери бөлімінде теңіз жаяу әскерлерін дайындау жүзеге асырылатын оқу тренажерлері көрсетілді.

Шетелдік делегация басшылары «Оймаша» полигонында әскери қызметшілерді орналастыру және тамақтандыру жағдайымен танысты. Қару-жарақ пен әскери техниканы тексерген соң олар әскери атыс алаңына келді. Онда достық армиялары әскери қызметшілері тактикалық атыс элементтерін орындады. Жауынгерлер тапсырмаларды сәтті орындап, ату кезінде керемет шеберлік пен дәлдік көрсетті.

Сонымен қатар қорғаныс ведомстволарының басшылары «Батыс» жедел қолбасшылығы әскерлері біріккен тобының басқару пунктінде болып, оның мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығудың жоспарымен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив