«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы халықаралық аккредитациядан өтті
Жуырда ACQUIN аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның білім беру қызметінің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп таныды.
«Өрлеудің» басқарма төрағасы Айдана Шилибекованың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде «Өрлеу» стратегиялық даму, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету және инновациялық тәсілдерді іске асыру басымдықтарын айқындай отырып, өз қызметіндегі барлық ішкі және сыртқы процесті қайта қарап, күшейтті.
Айта кету керек, толық институционалдық аккредиттеу сертификаты 2029 жылдың қыркүйек айының соңына дейін дейін жарамды.
Анықтама үшін: 2001 жылы Германияда құрылған ACQUIN институты тіркеуден өткен коммерциялық емес қауымдастық болып табылады. Оның құрамына 150-ден астам халықаралық жоғары оқу орны мен кәсіби ғылыми қауымдастық кіреді. ACQUIN қызметі EQAR, ENQA, EUA, CEENQA және INQAAHE сияқты беделді халықаралық агенттіктермен танылған.