Абай облысында 20-дан астам бала терезеден құлаған
Облыс аумағында 2022-2024 жылдар аралығында балалардың терезеден құлауына байланысты 21 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев баяндады.
- Ағымдағы жылдың шілде айында 102 бала терезеден құлап, олардың жетеуі қайтыс болды, 95 бала жарақат алды. Балалардың терезеден құлауы көбінесе ересектердің бақылауынан тыс қалғандықтан және москит торына сүйеніп, терезеге өздері көтерілгендіктен орын алады. Жазатайым оқиғалар көбінесе көпқабатты үйлерде жиі кездеседі, - деп атап өтті Азамат Орымбаев.
Заң бойынша аталған жағдайлар орын алса, қылмыстық кодекстің 119-бабында денсаулыққа зиян келтіруге немесе өлімге әкеп соқтырған немқұрайлылық үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту көзделгенін есте ұстаған жөн. Оған ішкі істер органдары жауапты болады.
- Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын өткізуде. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін көп қабатты үйлерді аралап, ата-аналарға терезе қауіпсіздігі туралы ақпарат берді. Жүргізілген жұмыстар бойынша мамыр айынан бастап 1200 адам қамтылған. Сонымен қатар, олар терезелерді ашық қалдырмауға және арнайы москит торын пайдаланбауға кеңес береді,- деп қорытындылады департамент басшысының орынбасары.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМәдениет және ақпарат министрлігі отбасын қолдау орталықтары үшін бірыңғай Тұжырымдаманың жобасын әзірлеуде – А. Балаева