Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
19 шілде М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ғимаратында Абай облысының ҚХА Аналар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Жиында ҚХА-ның «Салуатты сана» республикалық жобасы таныстырылды.
Спикерлер қатарында Абай облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ш. Жанаева, Абай облыстық полиция департаментінің өкілі М. Асылхан, Абай облысының білім басқармасының бөлім басшысы С. Кожабекова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, «Ана үйі» ресурстық орталығының жоғары дәрежелі маманы А. Нұртазина және басқа да ғылыми-сараптамалық топ өкілдері мен «Салауатты сана» жобасының серіктестері болды.
Шараға Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садырбаев қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.
Шара спикерлері де аналар кеңесінің салауатты өмір сүретін саналы қоғам қалыптастыру, адал азамат тәрбиелеуге бағытталған жаңа жобаның жүзеге асырылуы бойынша идеяларымен және міндеттерімен бөлісіп, аталған жоба бойынша ақпарат берді.
Аталмыш жобаның мақсаты «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» ҚХА Аналар кеңесінің жобасы шеңберінде қоғамның 5 әлеуметтік қауіпті кеселдерді: нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдықты алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру.