Алдағы уақытта облыс жолдары қадағалауда болады
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптайтын кәсіпорын. Биыл орталықтың құрылғанына 5 жыл толса, Абай облысындағы жолдардың сапасын бақылайтын филиалдың ашылғанына 1 жылдан асты.
Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазір құрылған орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды. Бүгінде орталық облыстағы жолдардың сапасын қадағалауда. Ал, алдағы уақытта зертхана кәсіпорын зертханасы ашылады.
Бүгінде жол сапасын тексеретін мамандар тапшы. Кадрлық жетіспеушіліктің кесірінен орталық факультеттер ашып, арнайы гранттар бөле бастаған.
Абай облысында аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар 6715 шақырым жол бар. Оның ішінде республикалық маңызға ие – 2000 шақырым жол. Бүгінге дейін филиал тарапынан 100-ден астам сараптама жүргізілген. Нәтижесінде, талаптарға сәйкес келмейтін жолдар анықталған. Жақында ашылатын зертхана жол сапасын қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді.