Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Абай облысының мұғалімі испан тілді әнші Rosaliaмен бірге жаңа ән жазады

22-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданының мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Сaдуханов Eraholic лақап атымен танымал. Жақында оған әлемге әйгілі испандық әнші Розалиядан жаңа әнді бірге жазуға ұсыныс түсті.

Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен.

Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады. Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізуде. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10 сыныптарда сабақ береді. 10 жылға жуық әндерге аранжировка жазумен айналысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив