Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Бородулиха ауданында екі пәтерлі 17 үйдің құрылысы жүруде

22-07-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында Бородулиха, Новопокровка, Михайличенково ауылдарында жалпы ауданы 2900 шаршы метр болатын екі пәтерлі 17 үй салу жоспарлануда.

Михайличенково ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін екі пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мердігердің айтуынша, жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде және нысан осы жылдың қыркүйегінде тапсырылады.

Бородулиха ауданында тұрғын үйге мұқтаж 487 адам есепте тұр. Оның ішінде 229 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған 47 көпбалалы ана. Сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған 10 отбасы, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 22 адам, 84 толық емес отбасы, 79 бюджеттік сала, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР 10 азаматы бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив