Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ЕАЭО елдері теміржол көлігінің дамуын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

25-07-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің темір жол көлігі бойынша кіші комитетінің отырысы өтті.

Кіші комитет мүшелері теміржол көлігі саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шарттың ережелерін іске асыру, оның жекелеген нормаларын жетілдіру, «ЕАЭО елдерінің қазіргі экономикалық жағдайындағы теміржол көлігінің даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындылығы, 2030 жылға дейінгі  және 2045 жылғы кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» экономикалық процестерді одан әрі дамыту декларациясын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасының бөлімін талдау мәселелері талқыланды.

Отырыста Комиссия тараптар ұсынған теміржол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібін орындауды мониторингтеу, оның ішінде тарифтік саясаттың негіздері (ЕАЭО туралы шарттың № 24 қосымшасына № 2 қосымша) жайлы  ақпарат берді.

Айта кетейік, осы тәртіп шеңберінде мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүк тасымалдау кезінде байланыс түрлері бойынша бірыңғай тарифтер қолданылады (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер).

Әрбір мүше мемлекет теміржол көлігімен жүк тасымалдау кезінде бірыңғай тарифті қолданады:

- мүше мемлекеттер арасында, оның ішінде басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы;

- мүше мемлекеттің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы;

- мүше мемлекеттің бір аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы үшінші елдерге теңіз порттары арқылы және кері бағытта.

Осылайша, ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері үшін тарифтік жүктемені ЕАЭО ішінде және экспорттық-импорттық қатынаста тасымалдау кезінде 2,2 еседен астам төмендету есебінен қолайлы тарифтік жағдайлар жасалды.

Жалпы, теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту ЕАЭО мүше мемлекеттерінің транзиттік әлеуетін, соның ішінде бүкіл еуразиялық өңірдің көлік-логистикалық байланыстылығын дамытудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «Қазақстанның теміржол саласы бірыңғай цифрлық экожүйені құру есебінен дамудың жаңа серпінін алады. Келесі жылы теміржол тасымалында жасанды интеллект элементтерін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Озық технологияларды қолдану тасымалдаудың тиімділігін едәуір арттыруға және шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, соның ішінде біздің серіктестеріміз үшін де. Тарифтік саясат пен кедендік рәсімдерді үйлестіру, сондай-ақ бірыңғай еуразиялық цифрлық дәлізді құру арқылы  үздіксіз логистиканы дамыту маңызды болып отыр. Практикалық шара ретінде барлық тауарға ілеспе құжаттарды QR-кодтарды пайдалана отырып қашықтықтан тексеру механизмін енгізуді және цифрлық құжаттарды өзара танып бастауды ұсынамыз».

Осылайша, Мемлекет басшысының аталған бастамаларын іске асыру ЕАЭО-ның көлік-логистикалық  байланысын нығайтуға және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумақтары бойынша тауарлардың «үздіксіз транзитін» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, отырыс өзара түсіністік атмосферасында конструктивті өтті. Барлық мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдер қабылданды. Кіші комитеттің келесі отырысы осы жылдың қараша айына жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив