Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҰОК Президенті Геннадий Головкин Ғұсман Қырғызбаевты Париж олимпиадасының қола медалімен құттықтады

28-07-2024, 21:03 018.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп жазады Olympic.kz. 

"Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!

Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!

Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын!", - делінген құттықтау жеделхатында. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив