Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

«Бесқарағайдың інжу - маржанын сақтайық» - Бесқарағай ауданында Шошқалы көлінің жағалауын ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді

30-07-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

30 шілдеде Бесқарағай ауданында Шошқалы көлінде «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» акциясы аясында жағалауды қоқыстардан тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату және т. б. жұмыстар жүргізілді.

Акцияға аудан басшылығы, белгілі спортшылар, жас отбасылар, аудан депутаттары, ауыл тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен еріктілер, сондай-ақ «Жасыл ел» жасағы белсене қатысты.

Жалпы, акцияны өткізу үшін 5 арнайы машина және 100-ге жуық адам жұмылдырылды.

Беген ауылдық округінің қарағайлы орманында орналасқан Шошқалы тұзды көлі Бесқарағай ауданының інжу-маржаны. Шипалы көл Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде орналасқан. Емдік қасиеттерімен танымал Шошқалы көлі бір-біріне жақын шағын су қоймаларынан тұрады. Олардың барлығы тұзды, бірақ құрамындағы тұз мөлшері әртүрлі, ал тоғандар емдік балшыққа бай. 

Акцияға қатысушы «Мейірімді жүрек» еріктілер тобының мүшесі Маржан Әбілқасова емдік қасиеттері бар көлге жыл сайын мыңдаған адам демалуға келетінін атап өтті.

-  Жыл сайын көлге іргелес аудандардан мыңнан астам адам демалуға келеді. Аудан жастары «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» ұранымен көл жағасын тазалап жатыр. Науқан кезінде жағажай қоқыстардан тазартылып, арнайы қоқыс жәшіктері орнатылды. Демалушыларды табиғатты қорғауға және оның тазалығын сақтауға шақырамыз, - деп атап өтті Маржан Әбілқасова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив