Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Суға шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтау үшін қандай шаралар қолданылады?

31-07-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Шомылу маусымында Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Ол үшін 9 су патрульдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, оның 7-і ТЖД, ал 2-і 68303 әскери бөлімге тиесілі. Құтқару аймағы барлық қажетті заттармен жабдықталған: жүзу құралдары, құтқару шеңберлері, кеудешелер, ысқырықтар және дауыс зорайтқыштар.

Су патрульдерінен басқа, облыс аумағында құтқару кеудешерімен және ысқырықтармен жабдықталған екі адамнан тұратын 30 жаяу патруль бар. Жедел әрекет ету мен өткізілген іс-шаралардың арқасында ТЖД күштерімен 34 адам құтқарылды.

Халықты кеңінен қамту үшін еріктілерді, БАҚ өкілдері мен блогерлерді тарта отырып, Абай облысының ТЖ және полиция департаментімен демалыс орындары мен жабдықталмаған жерлерде бірлескен рейдтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардың суға кетуін алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс, соның ішінде ата-аналардың чаттарында үнемі хабарлама жіберіп отыру күн тәртібінен түскен емес.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив