Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Облыста «TECHNOWOMEN SEMEY» аймақтық тренингі өтті

2-08-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «TECHNOWOMEN SEMEY» аймақтық тренингі өтті. Онда қатысушыларға жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтары туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты қыздарды технологиялық индустрияға тарту, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация, электрондық коммерция және стартап бастамалар туралы хабардар етуге бағытталған білім беру тренингтерін өткізу болды.

Технологиялық саладағы қыздар мен әйелдерді біріктіретін «TechnoWomen» өмір сапасын жақсарту үшін жаңа шешімдер мен жобалар жасап, технологиялық кәсіпкерлікті дамытады және технология саласында әйелдердің стартаптарын ілгерілетеді. «TechnoWomen» қыздарды STEM-пәндерге, бағдарламалауға, робототехникаға оқытуға, сондай-ақ оларды технологиялық инновациялар мен ғылыми қызметке тартуға белсенді ықпал етеді.

Іс-шара барысында пікірталас ұйымдастырылды. Онда қатысушылар цифрлық инновациялардың болашағы және технологиялық индустриялардағы әйелдердің рөлі туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Сонымен қатар, тренинг IT саласындағы кәсіпкер әйелдер мен мамандар арасында жаңа байланыстар орнатуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Тренинг «Зерттеудің заманауи трендтері мен мүмкіндіктері», «Декреттік демалыстан IT және робототехника саласына», «RoboTechnoGirls» - қыздарға робототехниканы үйретуге арналған әлеуметтік жоба, «Дрондарды қолданатын старт-ап жобалар және инвестиция тарту», «Жасанды интеллект дәуіріндегі болашақ жұмысы», «Стартапты қалай құру керек: идеядан іске асыруға дейін», «Astana Hub IT стартап жобаларының халықаралық технопаркінің өңірлік экожүйені дамытудағы рөлі» тақырыптарында бірнеше сессияларды қамтыды.

Тренингке қатысушылар цифрлық технологиялар саласындағы білім және тәжірибелерімен алмасты. Цифрландыру үдерістеріндегі заманауи трендтерді талқылап, табысты жобалардың нақты мысалдарын қарастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив