Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
460.13 532.6 5.42

Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

2-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылғы шомылу маусымында адам өмірін сақтап қалған ТЖМ қызметкерлерін марапаттады.

Қала әкімі өз сөзінде құтқарушылардың еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы керектігін атап өтті.

«Абай облысының құтқару қызметі, қиындықтарға қарамастан, әрқашан алдыңғы шепте болып, қауіпті жағдайларға жедел жауап беріп келеді. Әсіресе, соңғы жылдардағы күрделі жағдайлар кезінде сіздердің батылдықтарыңыз бен жоғары дайындығыңыз көпшіліктің құрметіне ие болды», — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сонымен қатар, Абай облысының ТЖД бастығы М. Шапағатов Құтқарушылар скверінің бой көтеруіне ықпал жасаған бөлім басшыларына министр Ш. Әріновтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив