Абай облысында «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті
2024 жылғы 2 тамызда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «SARAP» эксперттік клубының «Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда тәлім-тәрбие берудің ықпалы: стратегиялар мен әдістер» атты аймақтық жиыны өтті.
Жиынға «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев, Абай облысы әкімінің кеңесшісі Азамат Қасым, Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов, ҚҚДИ сарапшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен шара модераторы – Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Түсіпбекұлы Ұлттық құрылтайдың маңызын атап өтті.
Жиын барысында тақырып бойынша әр сала өкілдері баяндама жасап, отырыс нәтижесінде қатысушылар нақты мәселелерге тоқталып, біршама ұсыныстар енгізді.