Облыста «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі аясында 130-ға жуық іс-шара өтеді
2024 жылы Абай облысында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу 3-12 тамыз аралығында ұлттық жастар онкүндігі аясында өтеді. Іс-шара жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайту сынды бағдарламаны қамтиды. Жалпы саны 130-ға жуық іс-шара жоспарланған.
«Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігінің басты мақсаты – жастар белсенділігін дамыту, олардың білім алуы мен өзін-өзі танытуы үшін қолайлы орта құру, сондай-ақ жастардың еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысуын ынталандыру.
«Ұлттық онкүндік шеңберінде өткізілетін іс-шаралар өз жеріне және еліне құрметпен қарауды, азаматтық жауапкершілікті, білім алу мен өзін-өзі дамытуды, кәсібилікті, еңбекқорлықты насихаттау үшін жағдай жасайды. Жұмысты тиімді үйлестіру мақсатында ұйымдастырушылық шараларды, іс-шаралар тізбесін және жауапты адамдарды қамтитын іс-қимыл жоспары әзірленеді», - деді Абай облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов.
Сондай-ақ, күнтізбеге сәйкес ұйымдастырылатын шаралар барысында үздік деп танылған жастар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі