Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысы әкімінің грантына өтініштерді қабылдау басталды

5-08-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

2024-2025 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды (Абай облысы әкімінің гранты).

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер осы жылдың   5-10 тамыз аралығында https://abay-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2024 жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін білім басқармасының сайтында жарияланады.

2024-2025 оқу жылына арналған шекті балл:
– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл,
– «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл,
– ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл,
– «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл,
– басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек.

Білім беру грантына түсетін үміткерлерге тағайындалған жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталар бойынша анықталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: өтініш; білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - тұпнұскасы; жеке куәлiк көшірмесі; 075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 3*4 фотосурет - 4 дана.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив