Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысының студенті Ташкентте өткен халықаралық байқауда бас жүлде жеңіп алды

13-08-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Zhuldyz art Kazakhstan» халықаралық жас әншілер байқауы өтті. Беделді музыкалық жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның түрлі қалаларынан 400-ге жуық қатысушы қатысты. Абай облысының Семей жоғары көпсалалы колледжінің екінші курс студенті Дана Қасымқанова «Вокал» номинациясы бойынша Гран-При иегері атанды. Дана байқауда «Қазағымсың» эстрадалық әнін орындап, өнер көрсетті. 

Жас талант иесін анасы Назира Узекбаева 7 жасынан бастап өзі дайындап, жетекшілік етіп келеді.  

2024 жылғы 6-8 тамыз аралығында өткен байқау жеті номинациядан тұрды және қатысушыларға өнер арқылы рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік берді. Байқауда ұлттық мәдениеті сақтау мен дамытуға, сондай-ақ әртүрлі елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.

ZhuldyzArt Kazakhstan - халықаралық өнер байқауы. Дәстүрлі байқау Ташкент қаласында биыл 8-ші рет өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив