Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдаған ұландық ұшқыштар марапатталды

6-03-2023, 15:01 Думан Кенжеғазыұлы

ІІМ-де Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді. Президенттің Жарлығымен ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде екі мәрте үлкен жер сілкінісі болды. 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 20 мыңнан астам ғимараттың қираған орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

45-тен астам мемлекет жапа шеккендерге қол ұшын созды. Апаттың салдарын жою үшін қаржылық көмек көрсетті. Қазақстан да жағдайға бей-жай қарамай, апат аймағына шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлерді, сонымен қатар авариялық-құтқару жабдықтарының 150-ге жуық түрін жіберді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен осындай сын сағатта Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып, гуманитарлық  жүктерді тасымалдады. Ұшқыштар Сирияға 4 рейс, Түркияға 2 рейс жасады, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Опаттан ойран болып, зілзаладан жапа шеккендерге қазақ елінің атынан көмекке аттанғандардың бірі Берікболсын Хабиболла. Ол – 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі. “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталған ұландық апатты жерге ұшу мен қону кезінде қиындықтардың болғанын айтады.

– Сирия мемлекетіне ұшу бұл біздің онда бірінші рет ұшуымыз болғандықтан экипаж үшін қиынға түсті. Онда GPS-навигация жұмыс істеген жоқ. Бұл ұшақтардың толық жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Радиобайланыспен де қиындықтар туындады. Жер сілкінісі кезінде Түркия мен Сирия елдерінің радиостанцияларына үлкен зақым келген, – деді ұландық.

Оның әріптесі Құрманғали Топанов ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

– Жалпы негізгі қызметіміз осы. Сондықтан барлық қиындықтарды еңсере білдік. Бәріміз әскери адам болған соң, жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға тырысамыз, – деді ҚР Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі Құрманғали Топанов.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Әскери борышын абыроймен атқарып келген жауынгерлерге ведомство басшылығы қызметте табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив