Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде
Облыста иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін биылғы жылға барлығы 96 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының ветеринария басқармасы басшысы Ержан Барышев айтып берді.
Спикердің айтуынша, облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы профилактикалық егу мен диагностикалық зерттеу іс-шаралары ұымдастырылды. Оны 10 аудан мен 2 қалада 131 ветеринариялық пункттермен жасақталған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары жүргiзеді.
Абай облысының ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ветеринариялық ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл ветеринариялық анықтама беру, жануарға ветеринариялық паспорт беру және ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беру.
Сонымен қатар, өңірде иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін биылғы жылға барлығы 96 миллион теңге қарастырылған, оның ішінде бірінші жартыжылдықта 41 миллион теңге игеріліп, 6 900 ит пен мысық ауланды.