Облыс құрылысшылары отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбектері үшін марапатталды
Құрылысшылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін сала қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Айрықша еңбегімен көзге түскендердің қатарында Абай облысының азаматтары да бар.
Құттықтау сөз сөйлеген Нұрлан Ұранхаев құрылысшылардың өңірдің дамуына қосқан үлесі маңызды екенін атап өтті.
«Құрмет» орденімен «Семей жолдары» ЖШС бас директоры Ермұрат Шәріпов, «Востокстройгрупп» ЖШС жетекшісі Александр Кишко Александр марапатталса, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Ярус» ЖШС басшысы Талғат Байділдинов, «Жылы қыс» ЖШС директоры Генрих Винтер марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалі «Алау» ЖШС директоры Ғалымтай Найзабековке, сондай-ақ «Семстройпроект» жобалау-іздестіру институты» ЖШС құрылыс бөлімінің бас маманы Тамара Бычковаға табысталды.