Семей полигоны мұражайына бару: Тарихи оқиғаның маңызы мен ғалымдардың қосқан үлесі
Курчатов қалалық Қоғамдық кеңесі мүшелері экологиялық бақылау жөніндегі республикалық акция аясында Семей ядролық сынақ полигонының мұражайында болды.
Олар полигонның жабылуы мен кейінгі жетістіктерінің маңыздылығына тоқталып, экспонаттармен, тарихымен танысты.
«Семей полигонының жабылуы бір дәуірдің соңы ғана емес, мемлекетіміз азаматтарымыздың тыныштығы мен денсаулығын бірінші орынға қоятын жаңа дәуірдің басы. Бұл ядролық қарусыздану және жаһандық қауіпсіздік жолында жұмыс істеуге дайын екендігінің белгісі», - дейді А. Мұсатаева.
Семей полигоны мұражайына бару – тарихи жадты сақтау, бейбітшілік пен прогресс идеяларын насихаттаудағы маңызды қадам болып табылады.
«Курчатовтағы полигонның жабылуының арқасында халықаралық ғылымның бағасын алған және жоғары санатты мамандар жұмыс істейтін Ұлттық ядролық орталық ашылды. Ұлттық ядролық орталықтың ашылуы ғылым мен техниканың дамуына үлес қоса отырып, ядролық технологияның жетістіктерін бейбіт мақсатта пайдалануға мүмкіндік берді. Бүгін мен біздің ғалымдарымыздың күш-жігерін, олардың бейбітшілікке адалдығы мен қиындықтарды жеңудегі ерік-жігерін атап өткім келеді», - дейді Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Локштанов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіҚазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияның жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты