Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 27 жобадан тұратын цифрландыру бойынша жол картасы іске асырылуда

19-08-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Жол картасын 2024-2027 жылдары іске асыру жоспарланған. Түпкі мақсат – қала ресурстарын ұтымды пайдалану және басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, қаланы дамыту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету.

– Жол картасын іске асыру өмір сүру сапасын жалпы жақсартуда да, тиімді қалалық басқаруда да әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деп күтілуде. Мысалы, ресурстарды, көлікті, инфрақұрылымды басқарудың зияткерлік жүйелерін енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Іqala» порталы іске қосылды. Порталда «Семей су арнасы» МКК-нің 4 қызметі және «Теплокоммунэнерго» МКК-нің 10 қызметі қолжетімді, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыс бойынша  7 ауылдық елді мекен интернет желісімен және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін 16 ауылдық елді мекенде интернет желісін  қосу  жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив