Абай облысының мектептері интернетпен толық қамтылған
Абай облысының білім беру инфрақұрылымы мектептерде Starlink жобасын қосу арқылы өз дамуына жаңа серпін алды. Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, өңіріміздегі барлық мектеп интернетпен қамтамасыз етілген.
- 2023-2024 оқу жылында 167 мектепте интернет жылдамдығын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы мәселеге байланысты шарттарды қайта күшіне енгізу нәтижесінде жылдамдық 2-4 Мбит/сек-тен 10-20 Мбит/сек - ке дейін ұлғайтылды. Бұл интернет жылдамдығы төмен мектептер санын өткен жылмен салыстырғанда 43% - ға қысқартуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті спикер.
Айта өтсек, 133 интернет жылдамдығы төмен мектепке ерекше назар аударылып, оларды Starlink-ке қосылу туралы шешім қабылданды.
- Бүгінде 127 мектеп интернет желісіне қосылған, ал қалған 6 мектеп РФ шекаралас ауылдарда РҚКО пысықталуда - деп атап өтті Нұржан Ахметқалиев.
Облыстағы 302 мектептің ішінде қалалық мекемелер бүгінде интернет жылдамдығымен 20-дан 200 Мбит/сек-ке дейін артқан. Ал ауылдық мектептерде техникалық мүмкіндіктер мен жүргізілген жұмыстарға байланысты жылдамдық 4-тен 214 Мбит/с-қа дейін өзгереді.
Тағыда оқыңыз
Семей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?САЙЛАУ: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстанда білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі