Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді

21-08-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Мектепке жол» акциясы аясында Бесқарағай, Жарма және Үржар өңірлерінің демеушілері жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті.

Бесқарағай ауданында «Қазақстандағы адвентистерге көмек және даму агенттігі» қайырымдылық қорының басшысы Владимир Михайлов пен «Бірлік» қоғамдық ұйымының жетекшісі Сақан Әубәкірова жалпы сомасы 3 822 700 теңгеге оқу құралдарын ұсынып, аз қамтылған отбасылардан шыққан 253 балаға көмек көрсетті.

Жарма ауданында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Кеңпейіл Исаев 194 студентке 1 194 928 теңге қаржы бөліп, қолдау көрсетті.

Үржар ауданында «MED365» ЖШС директоры Шыңғыс Құлахметов аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 30 балаға жалпы сомасы 450 000 теңгеге мектеп құралдары мен сөмкелер табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив