Облыс орталығында су бұру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, объектілерді реконструкциялауға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы «Семей-Водоканал» МКК-ның нысандары бойынша өткізген баспасөз турында «Семей-Водоканал» МКК техникалық директоры Ербол Касенов баяндады.
Айта өтсек, Қашаубаев көшесі 2а, Қостанай көшесі 1Б бойынша ПВНС-тен және Галето көшесі бойынша Спартак көшесінен Кәрменов көшесіне дейін 17 млн. теңге сомасына үйлердің орамішілік су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта сервер бойынша іс-шаралар, қызмет көрсету үшін жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ кәріз желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.