Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Шекарашылардың кәсіби мерекесі

18-08-2024, 17:26 018.kz

18 тамыз - Шекарашылар күні. Биыл ҰҚҚ Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл тольп отыр. Бұл күн ел шекарасын кірпік қакпай берік күзеткен бейбіт күннің батырларының төл мерекесі. 

Мерейлі мереке қарсаңында ҰҚК Шекара кызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы гарнизондық офицерлер үйінде «Шебі берік шекара» атты мерекелік шара өтті. Шараның басты мақсаты - еліміздің шекарасын сенімді қорғайтын ержүрек жауынгерлердің еңбегін бағалау жане олардың патриоттық рухын арттыру. 

Мерекелік концерт шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерін біріктірді. ҰҚК Шекара кызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы полковник А.Ахметов жеке кұрамға ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі Директорының және Абай облысы әкімінің шынайы құттықтауларын жеткізді. 

Гарнизондық офицерлер үйінің әнші-бишілері көрермендерге ұмытылмас көңіл- күй сыйлады. Сонымен қатар, шекарашылардың шығармашылық нөмірлері де көпшілікке ұнады. 

Шараға шекарашылармен тығыз байланыста жұмыс істейтін, өзара әрекеттесетін органдардың өкілдері де қатысты. Олардың арасында Бүркіт жасағының командирі, Арнайы операциялар күштерінің командирі және ҚР Ұлттық ұланының «5511» әскери бөлім командирі болды. 

Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын қорғаушы ержүрек шекарашылардың мерекесімен құттықтай отырып, оларға ел алдындағы ерен еңбектерінде зор табыс тілейміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив