Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Үржар ауданында «Ауыл аманаты» бойынша 135 жұмыс орны ашылмақ

22-08-2024, 09:45 Сәтжан Қасымжанұлы

Өткен жыл бойынша айтар болсақ, Үржар ауданының ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 5,3 млрд. теңгені құрайды. Ауданның 4 млрд. 173,8 млн.теңгеге барлығы 285 бірлік жаңа ауыл шаруашылық  техникаларын 118 шаруа қожалықтары сатып алды. 

Өткен жылы субсидиялау бағдарламалары шеңберінде ауыл шаруашылық құрылымдарының инвестициялық салымдар кезіндегі шығыстарының бір бөлігін өтеу мақсатында ауданның шаруа қожалықтарына 153 өтінім бойынша 1 млрд 057,3 млн. теңге төленді. 

Егістікте пайдаланған жоғары сапалы тұқымдарға, гербицидтерге  және минералды тыңайтқыштарға 380 өтінім бойынша 522,8 млн. теңге, Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы аясында ауданның  шаруа қожалықтарына 779,1 млн. теңге субсидия қаражаты төленіп берілді.

Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында  2023 жылы жалпы соммасы 583,6 млн.теңгеге 109 жобаның құжаттары өткізіліп, қаржыландырылды.  

Жоба барысында аталған бағдарлама бойынша 135  жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив