Семей қаласында «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті
Семей қаласында 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасының бір бөлігі «Мен Кәсіпкер» бағдарламасы аясында Абай облысының тауар өндірушілерінің «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жәрмеңке-көрмесі өтті.
Өңіріміздің бизнес өкілдері тігін, киіз, ағаш, ет, ойыншық және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдерін ұсынып, жәрмеңкеге келушілер қолайлы бағамен сатып ала алады.
Шара аясында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
«БАБӨ» компоненті кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде әзірленген «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамытудың» бөлігі. «Бір ауыл – бір өнімнің» негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің нарықтарын кеңейтуге және экспортқа шығуға қолдау көрсету.
Көрме шағын бизнес өкілдері мен кәсіпкерлік әлеуеті бар жеке тұлғалардың басын қосты. Шара қорытындысы бойынша жұмыс тобы 10 жартылай финалисті таңдайды. Олардың жобалары облыстық бренд комитетінің қарауына ұсынылады. Үздік үш жоба ұлттық және халықаралық көрмелерге қатысу, бизнес ашуға және дамытуға 5 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік грантты, сондай-ақ маркетингтік қолдаудың толық пакетін, электронды коммерцияны оқытуды, оның ішінде нарықтарға қол жеткізу, өнімді жақсарту бойынша ұсыныстар, логотиптер мен қаптамаларды жасау мүмкіндігін ала алады.