Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Әлеуметтік жауапкершілік: мәселелер ретімен шешіліп жатыр

26-08-2024, 10:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жақында Ақтоғай ауылындағы Сейфуллин көшесінде сумен қамтамасыз ететін басты құбыр жарылған болатын. Соның салдарынан бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалған еді. KAZ Minerals компаниясы орын алған мәселені шешуге шұғыл кірісіп, су құбырын жөндеуге қажетті техника бөлді.

«Елді мекендегі су құбырларының тозығы жетуі себепті шілде айының ортасында апат орын алды. Ауылда су жүйесін жөндеуге қажетті арнайы техника табылмады. Атап айтқанда, траншеяларды қазып-көме алатын, әрі тар көшелерде еркін қозғалатын шағын экскаватордың қажеттігі туындады. Ауылда мұндай техника жоқ болуы себепті ауыл әкімі компаниядан арнайы техникамен қамтамасыз етуді өтінген еді. Әрине, кәсіпорынның өндіріске қатысты өз жоспары бар, бірақ ауылдағы жағдайдың қиын екенін ескерген компания әкімнің өтінішін жерге тастамай, апат орын алған жерге арнайы техника жіберді. Экскаватор күндіз де түнде де жұмыс істеді. Әсіресе, құбыр жарылған алғашқы күні жерді қазып, толып қалған суды сыртқа шығару қажет болған кезде техникаға бір сәтке де тыным болған жоқ. Траншеяны қазуға бір аптадай уақыт жұмсадық. Біздің жұмысшылар сумен қамтамасыз ету ісіне белсене атсалысты. Қазір жұмыс толығымен аяқталды, су жүйесі іске қосылды», - дейді жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі менеджер Динара Шаңгерееева.

Жалпы алғанда, компания ұзақ жылдар бойы ауылдардың қоғамдық өміріне белсенді араласып, тұрғындарға жан-жақты әлеуметтік көрсетіп келеді. Солардың ішінде компанияның «Мектепке жол» республикалық акциясына атсалысу арқылы Ақтоғай, Қопа және Тарлаулы ауылының жеткіншектерін оқуға қажетті құралдар салынған рюкзактармен қамтамасыз еткенін ерекше атап өткени жөн. Компания аталған елді мекендердің жас тұрғындарына 1 маусым мен Жаңа жыл мерекелерінде де сыйлық беруді дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар, KAZ Minerals көпшілікке арналған іс-шаралардың өткізілуіне де көмектеседі. Ағымдағы жылы компанияның қолдауымен тұрғындар Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Ал 9 мамыр мерекесінде Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне көмек көрсетіледі. 

Компанияның демекшілігі арқасында Ақтоғай ауылының балалары Ташкент (Өзбекстан) қаласындағы «Сокол» лагерінде өткен халықаралық конкурсқа қатысып қайтты. Сондай-ақ, жергілікті әкімдікпен, қоғамдық кеңес және тұрғындармен тығыз байланыса отырып Ақтоғай және Қопа ауылдарын көркейту жұмыстары жүргізілуде. 

Ақтоғай және Қопа ауылдарындағы балалардың ойын алаңдары толығымен жабдықталды. Енді кішкентай тұрғындардың алаңсыз ойнауына болады, ал ата-аналарының олардың қауіпсіздігіне алаңдауына себеп жоқ. Компания жергілікті ойыншылардан жасақталып Абай облысының жоғары лигасында өнер көрсететін "KAZ Minerals Aktogay" футбол командасы мен жекпе-жек командасының толық демеушісі және Ақтоғай мен Қопа ауылдарында өтетін барлық спорттық сайыстардың да белсенді демеушісі болып табылады. Мектептер мен ауылдық амбулаторияларға көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, Ақтоғайдағы орта мектепке генератор сатып алынды. Ауылдағы клубтың қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілді. KAZ Minerals Ақтоғай және Қопа ауылдарында өтетін барлық мәдени іс-шаралардың да тұрақты демеушісі. 

Өткен жылдың қараша айында компанияның  Ақтоғай тұрғындарын мазалаған барлық мәселелерді қарастыратын арнайы офисі жұмысын бастады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив