Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Абай облысының студенті Кишиневте пара-армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы атанды

27-08-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы Бизнес және сервис колледжінің 2-курс студенті Арайлым Игимбаева Молдованың Кишинев қаласында өткен армрестлинг және пара-армрестлинг бойынша әлем чемпионатында чемпион атанды.

Чемпионатқа Германия, Франция, Армения және Қазақстан сияқты 60 елден 1200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым 50 кг салмақ дәрежесінде сол және оң қолмен күресуде 1-ші орынды жеңіп алып, екі алтын медаль иеленді.

Арайлым Игимбаева «Тігін өндірісі» мамандығы бойынша 2-курста білім алуда. Оны бала кезінен бастап спортқа баулыған жаттықтырушысы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеті дүркін әлем чемпионы, жиырма дүркін Азия чемпионы Данияр Тайменов. Облыстық, республикалық жарыстардан бастап, қазір халықаралық аренада жеңіске жетіп отыр.

2023 жылы ол Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында І орынды жеңіп алған. Абай облысының спортшылары бұл чемпионатта жалпы 4 алтын және 3 күміс медальды қанжығаларына байлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив