Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында еліміздегі мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері талқыланды

28-08-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен «ҚР мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

Мал шаруашылығы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40% қамтамасыз етеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мал шаруашылығын одан әрі дамыту жолдары мен фермерлердің өзекті мәселелерін талқылау.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Онда ауыл шаруашылығы саласының қаржы институттарының өкілдері, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі табысты тәжірибесі айтылды. Сонымен қатар, австралиялық әдісті пайдалана отырып ет өндірісіндегі табысты тәжірибелер мен заманауи технологияларды, табысты мал өсірушілердің тәжірибесін, мал шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқыланды.

Семинар аясында ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар осы саладағы жетістіктер және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысуға мүмкіндік алды.

«Абай облысы еліміздегі өсімдік және мал шаруашылығы дамыған аграрлық аймақтардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей - «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз». Сондықтан, бұл саланы дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екені сөзсіз. Халықтың әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Аграрлық саланы дамыту біздің басты бағыттарымыздың бірі, сол себепті жоспарлы түрде жұмыс жасалуда. Өңірдегі барлық шаруашылықтарға, оның ішінде отандық тауарөндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Аймақта «Ауыл аманаты» жобасы да белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 264 шағын несие үшін 1 056,0 млн теңге қарастырылған.

Абай облысында мал шаруашылығын дамыту күн тәртібіндегі мәселе. Бүгінде өңірде 39 бордақылау алаңы, үш шұжық цехы, 11 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Облыста өңір халқының қажеттіліктерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.

2024-2026 жылдары облыста ет комбинаттарын салу жобалары басталады. Мәселен, Семей қаласының аумағында жылдық қуаты 12 600 тонна болатын «Еуразия Агро Семей» ЖШС ет комбинатын салу жоспарлануда. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.Сондай-ақ ағымдағы жылы жылдық қуаты 600 тонна болатын "Ықылас Инвест" ЖШС ет-консерві зауытының ашылуы жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив