️Аягөз ауданында жаңа жоба іске қосылды
Аягөз ауданының әкімі Қанат Әділбайдың бастамасымен «Қала жастарының ауылдағы бір күні» атты жаңа жоба қолға алынды. Бұл жоба алғаш рет аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бексұлтан» шаруа қожалығында жүзеге асырылды.
Жобаның басты мақсаты – жастардың болашақ мамандықтарын таңдауына, ауыл шаруашылығы саласына деген қызығушылықтарын арттыруға және осы саланың дамуына үлес қосуға ықпал ету. Жоба барысында қала белсенділері шаруа қожалықтың күнделікті жұмысымен және ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әртүрлі салалардағы жұмыстарға белсене атсалысты.
Сонымен қатар, жастар ауыл табиғатын тамашалап, жергілікті мәдениет, тарих және руханиятпен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.
Айта кету керек, бұл жоба тек бір ғана ауылмен шектелмей, ауданның басқа да ауылдарында жалғасын табатын болады.