Семей стандартты жағдайдағы жолдардың үлесін 90%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Қазір бұл көрсеткіш 59 пайызды құрап отыр. Орташа жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырудың арқасында (өткен жылы да, биыл да) қаладағы асфальт жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Көпшілов мәлімдеді.
- Аспалы көпірді жөндеуге келсек, ол қазір қала әкімдігінің балансында. Барлық қаражат тікелей бөлінеді. Бұл сұрақ Семей қаласына қатысты. Менің білуімше, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерді не жұмысты толықтай қайта жасау үшін, не өз қаражатына кепілдік бойынша ақауларды жою үшін сотқа берген. Жалпы, көпірді күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жыл соңына дейін күтеміз. Біз 2025 жылы іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
Сондай-ақ спикер Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір құрылысының белгіленген мерзімнен қалыспай жүріп жатқанын жеткізді.
- Жаңа көпірдің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде 4 тірек тұрғызылды, мердігер жұмыс істеп жатыр. Қаражат бөлінді, кестеден артта қалушылық жоқ. Айналма жолдарды абаттандыруға келетін болсақ, бұл жоба әлі қаралуда. Бізде жобаға инвестиция салғысы келетін әлеуетті инвесторлар бар. Әзірге оның жобалық құжаттамасы ғана бар және ол әлі де түзетуден өтуі тиіс, - деді Нұрсұлтан Көпшілов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіБиыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтидыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі