Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысында «қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы жүргізілуде

19-08-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасын қолдау және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтуде.

Абай облысында аталған акцияға азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлер кеңінен тартылып жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы облыстағы бірнеше стихиялық қоқыс орындарын аралап, қалдықтарды жинау, тасымалдау және орналастыру мәселелерінде тиісті бақылау жүргізді. Нәтижесі бойынша тиісті ұйымдарға ұсынымдар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив