Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы әкімдігі мен ҚТЖ Семей қаласындағы балалар темір жолын жандандыруды талқылады

29-08-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ басшылығының Семейге жасаған жұмыс сапары аясында «ҚТЖ ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесті. Кездесу барысында 1995 жылы жұмысы тоқтап, жабылған балалар теміржолын қайта жандандыру мәселесі талқыланды.

Бүгінде балалар темір жолындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Удмуртияның Камбар машина жасау зауытында шығарылған вагондар мен тепловоздардан тұратын жылжымалы құрам сынақ режимінен өтіп, іске қосылды. Барлық жұмыстар қауіпсіздік пен заманауи талаптарды ескере отырып жасалған.

ҚТЖ басшылығы балалар темір жолын пайдалану кезінде және қажетті кадрларды оқыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, оқушыларға теміржолшы мамандығы негіздерін оқытатын арнайы балалар үйірмесін құру жайы талқылануда. Мұндай үйірме болашақ мамандар үшін тамаша тәжірибе болмақ. Басты мақсат – жастардың теміржол ісіне деген қызығушылығын арттыру және алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив