Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «Конституция құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға өңірдің құқықтық және академиялық саласының беделді өкілдері, журналистер мен сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында сарапшылар конституциялық реформалардың елдің саяси құрылымына әсерін, сондай-ақ құқық қорғау және медиа салаларындағы заңнамалық өзгерістердің нәтижелері жайлы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, реформалардың тиімділігі мен олардың қоғамдағы тұрақтылыққа ықпалы қарастырылып, құқықтық реформаларды жүзеге асырудағы негізгі кедергілерге тоқталды.
Сарапшылар реформалардың елдің құқықтық жүйесінің дамуындағы маңызын оң бағалап, алдағы уақытта қолға алынуы тиіс қадамдарды айқындады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында еліміздің демократиялық дамуы жолында реформалардың орны ерекше екендігі атап өтілді. Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры А.Омаровтың атынан алғыс хат табыс етілді.