Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Конституция күнімен құттықтауы

30-08-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата заңымыз – мемлекеттілігіміздің негізі, тәуелсіздік тірегі, тұрақтылық кепілі. Конституция еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық негіздерін айқындай отырып, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз етеді. Мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды.

Конституция күні тек құқықтық құндылықтарымызды еске салатын мереке емес, сонымен қатар, мемлекетіміздің іргетасы саналатын жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды сәті болып табылады. Әрбір азаматтың заң алдында теңдігі, мемлекетіміздің зайырлылығы мен егемендігі – осы қасиетті құндылықтар бәріміз үшін ортақ мақсаттарды жүзеге асыру жолында күш береді.

Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашады. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив