Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Францияның Қазақстандағы жаңа елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады

30-08-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Францияның Қазақстандағы жаңа тағайындалған Елшісі Сильвен Гийогеден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту перспективаларына ерекше тоқталды.

Дипломаттар аса жоғары және жоғары деңгейде екіжақты алмасулардың серпінін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Франция Елшісі жылы қабылдау үшін алғысын айтып, Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив