Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы Креативті индустрия саябағы ашылды

30-08-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қаскелеңде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустрия саябағы салтанатты түрде ашылды. Бұл парк Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында жұмыс істейтін болады.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Іс-шараға Алматы облысының басшылығы, ҚР Мәжілісінің депутаттары, бизнес қауымдастығы мен креативті индустрия өкілдері қатысты.

Креативті саябақ 12 гектар аумақты қамтиды. Территорияда жайлы саябақ зонасы, спорттық және тақырыптық алаңдар орналасқан.

Ашылу күнінде киноиндустрия форумы өтті, оған Нью-Йорк киноакадемиясының президенті Майкл Янг және басқа да топ-менеджерлер қатысты. Саябақта әлемге әйгілі академиямен бірлесіп, Креативті индустрия мектебін ашу жоспарланып отыр. Онда кино, медиа, дизайн, анимация, ойын жасаушы, жасанды интеллект және жасыл технология саласы бойынша мамандар даярланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив