Мемлекет басшысы Бесқарағай ауданы аумағындағы тұқымбақты үлгі ретінде айтып, осындай тұқымбақтарды көбейту керектігін тапсырды
Бүгінгі, Мемлекет басшысының жолдауын аудан жұртышылығы болып тыңдадық. Жолдауда еліміздің жан-жақты дамуына септік беретін бірқатар бастамалар айтылды. Соның ішінде 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдум. Бұл бастама Жаңа Қазақстанға жаңа серпіліс беретіндігіне сенімім мол. Бұл шешімді бүкіл халық болып қодауымыз тиіс.
Сонымен қатар, президент «Семей орманы» резерватына қарасты, Бесқарағай ауданы аумағындағы тұқымбақтың жұмысына оң баға берді. 2023 жылы орын алған орны толмас қайғы, жасыл орманымызды қалпына келтіру жұмыстарын күшейту қажеттігін тапсырды. Бұл мемлекет басшысының шешімі орман щаруашылығына жұмысына жаңа жол ашатындығына сенімім мол.
Тағыда бір маңызды мәселе, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігін нақты айтты. Осы жылы өткен олимпиада ойындарында еліміздегі спорт тұрлерін дамыту және жас спортшыларға қодау көрсету жұмыстарын күшейту қажеттігілігін дәлелдеген іспетті. Өзгерістер орын алатын уақыт жетті деген ойдамын.
Сөз соңында, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізге, яғни Қзақстан халқына табанды еңбек етіп, жүйелі бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Бесқарағай ауданы халқы президентіміздің әр бастамасын қодаймыз. Берекелі бірліктің арқасында бір ел болып дамый берейік. Ортаққа мақсатқа бірге жетейік!
Ерболат РАХМЕТУЛИН
Бесқарағай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, Бесқарағай ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері